+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Халықаралық рейспен келген 245 жолаушы карантинге жатқызылды

2020 жылғы 18 қазан 11:15
Бөлісіңіз:
Халықаралық рейспен келген 245 жолаушы карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық әуе рейстермен келген Қазақстан азаматтарының 87 пайызында ПТР анықтама болды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да карантин бұзғандарға бір күнде 700 мың теңге айыппұл салынды ШҚО-да карантин талабын сақтамайтындар әлі де аз емес Шығыс Қазақстанда карантин шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

Бас санитар дәрігердің дерегінше, 18 қазан түні 14 халықаралық әуе рейсімен 1 969 жолаушы елімізге келді. Жолаушылардың 1724-інде ПТР анықтамасы болды. Ал 245-інде анықтама болмады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 852 жолаушының 717-сі анықтамамен, 135-і анықтамасыз келген. Алматыға 7 рейспен 981 жолаушы жетті.

Оның ішінде 885 жолаушыда ПТР анықтама болды. Ал анықтамасыз жолаушылар саны - 96 адам.

Шымкентке 1 рейспен келген 136 жолаушының 122-сі анықтамамен, ал 14 анықтамасыз келгені анықталды.

«Қазақстан азаматтарының 87 пайызы халықаралық әуе рейстерімен ПТР анықтамамен келді. COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы жоқ Қазақстанның 245 азаматы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылды», - деді Сәдуақас Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT