Халықаралық олимпиадада қарағандылық оқушы «күміс» алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Нұрмақов атындағы Қарағанды мектеп-интернатының тоғызыншы сынып оқушысы Рамазан Пердебай «Туймаада» оқушылардың ХХVIII Халықаралық олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Жарыс үш пән бойынша өтті – математика, физика және информатика, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ұйымдастырушысы – Саха Республикасы (Якутия). Барлық тапсырмалар онлайн түрде жіберілді. Жарысқа әлемнің жеті елі – Қазақстан, Ресей, Индонезия, Румыния, Сингапур, Болгария, Ираннан 250-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстаннан 74 оқушы өтініш білдірді. Қарағанды облысынан Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Бексұлтан Шәріп (физика) және Рамазан Пердебай (информатика), сондай-ақ №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Диас Серкібаев пен Өмір Байбосынов (физика) қатысты.

Рамазан Пердебай үздік нәтиже көрсетті. Ол өз санатында екінші болды. Оқушы жыл бойы біздің облысты халықаралық олимпиадаларда бірнеше рет таныстырды. Ол Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола медалінің иегері, сондай-ақ 2021 жылғы республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегері.

«Алтыншы сыныптан бастап мен барлық конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысамын. Сондықтан да үнемі дайындаламын. Олимпиадаға дейін мен «күміс» аламын деп ойладым, солай болды. Мен нәтижеге ризамын. Кейбір тапсырмалар өте жеңіл болды, бірақ қиын тапсырмалар да кездесті», – дейді Рамазан.

Жарысқа информатика пәнінің мұғалімі Мағжан Қауланов та көмектеседі.

«IOI оқушылар арасында информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысуды армандаймын. Онда әлемнің барлық елдерінің мықтылары өнер көрсетеді», – деп жоспарларымен бөлісті Рамазан.

Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша біздің құраманың қоржынында 5 алтын, 11 күміс, 16 қола медаль және 4 диплом бар. Салыстыра кетсек: 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 алтын, 3 күміс, 9 қола жүлде және 10 грамота болды.


Соңғы жаңалықтар