Халықаралық конференция: Қазақстан мен Ресей ғалымдары тату көршіліктің маңыздылығын айтты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат –Мәскеу қаласында өткен «Қазақстан және Ресей: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның «ХХ ғасыр және Тәуелсіздік. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамыту» тақырыбындағы екінші сессия жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сөз алған тарихшылар мен саясаттанушылар тарихи өткенге, оның ішінде кеңестік кезеңді зертетуге жүйелі және кешенді түрде қарау керек деп атап өтті.

Қазақстан-неміс университеті жанындағы Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Б.К. Сұлтанов «Қазақстан мен Ресейдің, қазақ және орыс этностарының арасындағы қатынастар әртүрлі, кейде қиын тарихи шынайылық жағдайында дамыды» деп атап өтті.

Оның пайымынша, ХХІ ғасырда екі мемлекет экономиканы, саясатты, халықаралық қатынастарды және гуманитарлық саланы қамтитын көп қырлы қатынастардың жаңа деңгейіне шықты.

Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты И.С. Савинның баяндамасы екі мемлекет қоғамдарының өзара байланысының ауқымды желісіне арналды. Сарапшының пікірінше, «жыл сайын Қазақстанның жүз мыңдаған азаматы әртүрлі мақсатта Ресейге сапарлайды, ал Ресейдің кем дегенде жүз мың азаматы Қазақстанда болады».

Осы тұрғыда ресейлік ғалым екі ел де тату көршілікке мүдделі екенін атап өтті.

Бұл ойды ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Е.А. Әбіл жалғастырды.

Атап айтқанда, Азия зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Әкімбеков өз сөзінде тарих – ол бірегейліктің негізі екенін, жалпыға ортақ тарихты жазу өте қиын екендігін, өйткені ол міндетті түрде өте сезімтал тақырыптарды да қозғауы керектігін айтты. Ресей империясы, Кеңес Одағы кезеңіндегі мәселелер оңай емес және бұл үшін көптеген күрделі тақырыптарды ашып, оларға баға беру керекті ерекше аталып өтті.

Бұл тұрғыда Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты А.Д. Васильев өз сөзінде бөліскен бұрынғы КСРО түркі халықтарының әліпбилерін латындандыру туралы тарих беттерінде аз зерттелген мәліметтер үлкен қызығушылық тудырды.

Өз кезегінде Еуразиялық интеграция институтының директоры У.К. Селтеев екі мемлекет те Еуразия континентіндегі негізгі стратегиялық серіктестер болған және солай болып қала беретінін атап өтті. 30 жыл ішінде екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін барлық мүмкін дипломатиялық және саяси қадамдар жасалды. Ресми деңгейде, шын мәнінде, шешілмеген бірде-бір мәселе жоқ.

Осы орайда ол арандатушылық мәлімдемелер елдеріміз арасындағы қатынастарға көлеңке түсірмеуі керектігін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 сәуірде Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтында «Қазақстан және Ресей: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

Халықаралық конференция жұмысына қазақстандық және ресейлік тарихшы-ғалымдар, саясаттанушылар, халықаралық қатынастар мамандары, Қазақстан мен Ресей парламенттерінің депутаттары қатысты. Ғылыми форум жұмысына онлайн форматта қосылған РҒА ШИ, Е.Примаков атындағы РҒА ӘЭХҚИ, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның бірінші сессиясы «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы: тарихтан бүгінге дейін» атты тақырыпта болды.

Оның барысында екі ел арасындағы тату көршілік қатынастардың негізі ретіндегі халықтар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар мәселелері талқыланды.


Соңғы жаңалықтар