Халықаралық іздеуде жүрген Түркістан тұрғыны Атырауда ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Халықаралық іздеуде жүрген түркістандық Атырауда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспсөз қызметінен мәлім еткендей, №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары 26 наурызда сағат 11:00 шамасында көшеде мас күйде жүрген азаматты ұстаған.

«Тексеру кезінде мас жігіттің Түркістан қаласының тұрғыны екені анықталды. Жасы – 38-де. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның 2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, қашып жүргені, оған халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ұсталған азаматқа қатысты заңды шешім қабылдау үшін Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің мамандары іс-құжаттарды жинақтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар