Халықаралық әуе жолы қайта ашылды: Бүгін Түркия, Дубайға рейстер ұшады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады.


Халықаралық бағыттар бойынша рейстер саны әуе қатынасы туралы қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және әр бағыт бойынша әуе кемелерінің коммерциялық жүктемесіне байланысты орындалатын болады.

Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулерді алып тастау ескерілген.

Белгіленген кестеге сәйкес, бүгін Алматы халықаралық әуежайынан Ыстанбұлға, Анталияға және Дубайға рейс ұшырылады. Елордалық Н. Назарбаев әуежайында Нұр-Сұлтан - Ыстанбұл рейсі жоспарланған. Сонымен бірге, бүгін Атырау қаласынан да Ыстанбұлға бір рейс ұшады.




Соңғы жаңалықтар