Халықаралық армия ойындары қалай өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Халықаралық армия ойындары 10 елдің 21 полигонында, Каспий, Балтық теңіздерінің акваториясында және Парсы бұғазында өтіп жатыр. Ойындарға 39 мемлекет қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойынның бағдарламасына 32 сайыс енгізілген. Оның 16-сына қазақстандық әскери қызметшілер қатысуда.


Қазақстан аумағында миноатқыш есептоптарының – «Артиллериялық оқ ату шеберлері», ұшқышсыз ұшу құрылғыларының – «Сұңқар аңшылығы» және байланысшылар арасындағы – «Сенімді қабылдау» сайыстары өтеді.


Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасындағы сайыстарға 13 елдің әскери қызметшілері қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің командасы да бар. Ойындардың басталуы тікелей эфирден көрсетілді.

Қазақстан құрамасы Халықаралық армия ойындарының өкілдік топтарының бірі болып танылды. Салыстыру үшін Беларусь – 18 сайысқа, Қытай – 15, Иран мен Өзбекстан – 14 сайысқа қатысатын болады. Мұндай кең көлемді өкілдік командалық есепте жеңімпазды анықтауда шешуші рөл ойнайды.

Соңғы жаңалықтар