+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Халық үніне құлақ асатын мемлекет кез келген мәселені талқылауға мүмкіндік беруі керек - Айгүл Соловьева

2020 жылғы 23 қыркүйек 20:37
Бөлісіңіз:
Халық үніне құлақ асатын мемлекет кез келген мәселені талқылауға мүмкіндік беруі керек - Айгүл Соловьева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық үніне құлақ асатын мемлекет қоғамдық қатысу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін сапалы жүйемен қатар, кез келген мәселені талқылау бастамасын жасау мүмкіндігін беруі керек. Бұл туралы отырысында Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Соловьева мемлекеттік органның қоғаммен өзара іс-қимылында үлгі көрсеткені үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне алғысын жеткізді. Осы орайда ол қоғамдық бақылау туралы Президент Жолдауында жарияланған қадамдарды ілгерілету шарларына ризашылығын білдірді.

Оның айтуынша, ел Президентінің қоғамдық бақылауды заңнамалық бекіту бастамасы халық үніне құлақ асатын мемлекет концепциясымен үйлесімді. Ондағы басты тезис - мемлекет азаматтар мүддесін бірінші орынға қояды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет қоғамдық қатысу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін сапалы жүйемен қатар, кез келген мәселені талқылау бастамасын жасау мүмкіндігін беруі керек», - деді А. Соловьева.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша Азаматтық альянс президенті Гүлнар Құрбанбаева да қоғамдық бақылауды заңнамалық бекітуге қатысты өзінің пікірін білдірді.

Қоғамдық бақылау бағытында шешім қабылдау жұмысына тоқталған ол, осы орайда нормативтік-құқықтық акті жобаларына қоғамдық сараптама тақырыбын көтерді.

«Бізде бизнес ортада НҚА жобаларының қоғамдық сараптамасы бойынша 15 жылдық оңтайлы тәжірибе бар. НҚА-ның міндетті қоғамдық сараптамасы қоғамдық бақылаудың маңызды элементтерінің бірі болуы тиіс. Қоғамдық сараптаманы енгізу - нормативтік базаның тиімділігін арттыру мен нәтижелігіне өзінің ықпалын тигізеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT