Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қазақстанда «Нәтиже» атты орталықтар ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сапалы түрде жүзеге асыру үшін «Нәтиже» атты жаңа орталықтар құру керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе - біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл бағытта аз шаруа атқарылған жоқ. Бұл құрал – азаматтармен тікелей жұмыс жүргізу ісін қайта қарау. Былтыр ғана мемлекеттік органдар 1,9 миллионға жуық өтінішті қарады. Шамамен 2 миллионға жуық өтініш қаралған. Менің атыма 32 мыңға тарта өтініш келді. 2019 жылға қарағанда 3 есе көп. Оның ішіндегі 80 пайызы – әртүрлі мемлекеттік органдардың құзіретіне кіреті шаруалар. Формализм фактілері әлі де тым көп. Бұл – бүкіл мемлекеттік құрылым заңмен, реформамен шешілуге тиіс жүйелі проблемаға айналып барады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент өтініш берушімен жұмыс сапасын арттыру үшін жаңа «I-өтінім» ақпарат жүйесін және «Нәтиже» орталықтарын құруды тапсырды.

«1 шілдеге дейін жүйе іске қосылуы керек», - деп тапсырды Президент.


Соңғы жаңалықтар