Халық ресми БАҚ-қа қарағанда әлеуметтік желіге көбірек сенетін болды – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро пандемия кезеңіндегі БАҚ пен әлеуметтік желілердің маңызы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз екі жылға жуық уақыт пандемия кезеңінде өмір сүріп келеміз. Бастапқыда-ақ мұның бірлескен күш-жігерді, айрықша тәсілді қажет ететін жаһандық сын-қатер екені белгілі болды. Қазір де мемлекеттер вакцина жеткізу, вакцина жеткізу бағыттары және әлем бойынша антиваксерлердің әрекеттері сынды мәселелерді шешуге тырысып жатыр», - деді спикер Astana Media Week форумының «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» панельдік сессиясында.

Тереза Рибейро әлеуметтік желілердің рөлін де лайықты бағалау қажеттігін айтты.

Өйткені 2020 жылмен салыстырғанда әлеуметтік желіні пайдаланатындар саны 13 пайызға немесе 2,4 млрд адамға ұлғайған.

«Коронавирусқа байланысты ақпарат алу үшін көптеген адамдар интернетке қол жеткізді. Сондай-ақ, интернет сөз бостандығы мен цифрлық БАҚ дамыту үшін де маңызды. Екінші жағынан халықтың ресми БАҚ-қа қарағанда әлеуметтік желіге көбірек сенетіні анықталып отыр. Ал онда фейк жаңалықтардың да болу қаупі жоғары. Бәрімізге осы құбылыстың түрлі формаларына жауап қатып, журналистер атмосферасына үлес қосу маңызды. Және бұл қоғам үшін де, осы құрметті мамандық өкілдері үшін де үлкен сын-қатер», - деді Тереза Бибейро.

Еске сала кетсек, кеше елордада Astana Media Week – 2021 жыл сайынғы медиаапталығы басталды.

AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді.

Ондағы іс-шаралар онлайн және офлайн-алаңдарда да жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар