Халық күн сайын 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды - Ұлттық банк төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық күн сайын сомасы 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлеңкелі экономиканың көлемін одан әрі азайту маңызды тапсырма болып қалады. Соңғы жылдардың нәтижелері қолма-қол ақшасыз төлемдердің едәуір өскенін көрсетеді. Тек 2019 жылы осындай төлемдерінің көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Халық күн сайын сомасы 37 млрд теңгеге 4 миллионнан астам транзакция жасайды. Бірақ, мұндай өсімнен бюджет үшін нәтиже әзірге байқалмайды. Біз Үкіметпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп жүргізетін жұмыс қолма-қол ақшасыз (бөлшек) төлемдер нарығын дамытудың келесі және сапалы жаңа кезеңіне көшуді қамтамасыз етеді», - деді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, нарыққа қатысушылардың перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы жоғары технологиялық, жалпыға қолжетімді төлем инфрақұрылымын жаңғырту және қалыптастыру жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады.





Соңғы жаңалықтар