Халық қай саладағы мемлекеттік қызметшілерге жиі шағымданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров шағым жиі түсетін мемлекеттік органдарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыздың көпшілігі ішкі істер органдары, әкімдіктер, білім, денсаулық сақтау, кеден органдары қызметкерлеріне және салықшылардың атына түседі», - деді Д. Бигайдаров Facebook желісінде өткен «Antikor Life» сұхбатында.

Спикердің айтуынша, тұрғындар пара беру, пара алу, түрлі құжаттарды беруде пара талап ету сынды заңбұзушылықтарды хабарлайды.

«Көп жағдайда тұрғындар жол апатына ұшырағанда, жол ережесін бұзғанда пара беруге тырысады. Адамдар мәселен 25 мың теңге айыппұлдан қашып, пара беруге тырысады да, ақыр соңында миллион теңгенің айыппұлына немесе қылмыстық іске тап болады», - деді Д. Бигайдаров.

Бұған дейін маман сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 90 адам 14 млн теңге сыйақы алғанын мәлімдеген еді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөміріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар