Халық белсенді дауыс беріп жатыр – ТМД байқаушысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушысы, Федерациялық кеңестің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге біз әріптестерімізбен бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында 23 учаскеге бардық. Мұнда біз сайлау учаскелері орналасқан түрлі санаттар мен ғимараттарды қамтуға тырыстық. Айта кетейік, олардың барлығы дерлік тұрғын алаптарында, халық тығыз қоныстанған аумақтарда орналасқан», - деді Олег Цепкин Sputnik-Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, О. Цепкин бүгінгі сайлаудан алған әсері туралы айтты.

«Сайлау учаскелері ашылмай тұрып-ақ, сағат 6:30-6:45-те алғашқы сайлаушылардың дауыс беруді күтіп тұрғанын жақсы дәстүр деп санаймын. Бүгін де халық арасында осындай дәстүр байқалады. Жалпы бүгін халықтың белсенділігі өте жоғары. Біз сағат сайын 7:00-де, 8:00-де және 9:00-де түрлі учаскелерге барып, келушілердің айтарлықтай артқанын көрдік. Біз сайлау комиссияларының төрағаларымен, мүшелерімен сөйлестік, олар халықтың белсенділігі жеткілікті деңгейде екенін айтты. Жалпы атмосфера қолайлы, жақсы, тіпті позитивті деуге болады. Барлық учаскелерде сайлаушыларды тіркеу тәртібі нақты жолға қойылған», - дейді О. Цепкин.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 16:00-де сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берген.


Соңғы жаңалықтар