Халқымыздың өмірінде патриотизм жетекші рөлге ие - ғалым

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өз халқыңды қорғай білуге келгенде азаматтардың моральдық-психологиялық даярлығы -патриотизмді таныту болып саналады. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Георгий Дубовцев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде жүзеге асырылуы тиіс он бағытты айқындады. Ол бағыттардың ішінде «Рухани жаңғыру» құндылықтарын іске асыру барысы зор маңызға ие. Президент өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «біздің басты рухани қазығымыз» екенін атап өтті. Бұл заңды да. Себебі, біздің мемлекеттіміз бен халқымыздың өмірінде патриотизм жетекші рөлге ие. Патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттыру - қазіргі жағдайда мемлекеттің салмақты міндеттерінің бірі», - дейді ол.

Георгий Дубовцевтің пайымынша, патриоттық тәрбиенің арқасында азаматтың Отанға сүйіспеншілігі, сана-сезімі қалыптасып, ол ел мүддесі үшін еңбек етеді.

Сарапшы Қазақстан басшылығының жас өрендердің әскерде болуы - әрбір азаматтың патриот шені үшін өтетін емтиханы деуге болатындығын жеткізді.

«Қазақстан Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысуының зор маңызы бар. Көп алдында сөйлеген Президент Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артатынын айтты. Ең маңыздысы осы», - дейді ғалым.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар