Хакерлер австралиялық жүргізушілерге «сыйлық» жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WannaCry вирусы әлемдегі барлық ұйымдарға шабуыл жасауын жалғастыруда. Бұл жолы зиянды бағдарламалық жасақтаманың шабуылына Австралия жол инспекциясының қызметкерлері тап болды, деп жазады life.ru.

Шулы WannaCry вирусының жасаушылары австралиялық жүргізушілердің ақшаларын сақтап қалуларына көмектесіп, «сыйлық» жасады. Вирус жолдағы 55 бақылау камерасына кіріп кетіп, соның салдарынан полиция жолда жылдамдықты арттырған және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізушілердің айыппұлын жоюға тура келген.

Жол инспекциясының 590 айыппұлы жойылған. Техникалық қызмет көрсету мамандары байқаусызда USB-тоғанның көмегімен камералар желісіне зиянды БЖ жүктеп жіберген.

«Мен айыппұлдарды жойдым, себебі көпшіліктің жүйенің жұмысына 100 процент сеніммен қарағаны маңызды деп есептеймін», - деп түсінік берді комиссардың орынбасары міндетін атқарушы Росс Гюнтер.

Бүкіл әлемге таралған вирус-бопсалаушы WannaCry компьютерлерді бұғаттап, оны ашу үшін ақша сұрайды. Ресейде оның шабуылына "Мегафон" мен Ішкі істер министрлігі ұшыраған еді. 

Фото: flickr.com/Guy Middleton

Соңғы жаңалықтар