Хабиб Нурмагомедов Қырғызстанға келді

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Бүгін Қырғызстанға UFC-дің жеңілмеген чемпионы және промоушеннің үздік спортшысы Хабиб Нурмагомедов келді. Бұл туралы EFC 38 турнирінің PR қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оны «Манас» халықаралық әуежайында EFC 38 турнирі ұйымдастыру комитетінің өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Нурмагомедов Қырғызстанға өз командасының құрамына кіретін Зубайра Тухугов және Имар Нурмагомедов, Усман Нурмагомедовпен бірге келді.

Хабиб Нурмагомедов 3 тамызда Чолпон-Ата қаласының (Ыстықкөл облысы) ипподромында өтетін Eagle Fighting Championship (EFC 38) лигасының аралас жекпе-жек турнирінің құрметті қонағы болады.

Турнир Бішкек уақытымен сағат 17:00 басталады.

Ивент кардқа 19 жекпе-жек кіреді, оның ең бастысы - Руслан Яманбаев (Ресей) пен Бусурманкул Әбдібаит уулу (Қырғызстан) арасындағы айқас болмақ.


Соңғы жаңалықтар