Хабаровск маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

None
None
ХАБАРОВСК.ТАСС-ҚазАқпарат - Хабаровск қаласының маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ТЖМ Бас басқармасы өкіілінің айтуынша, жеңіл ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат бар, оқиға орнына жедел топ аттанып кеткен. «Жарақат алғандар мен қаза тапқандар туралы әзірге белгісіз. Топ оқиға орнына әлі жете қойған жоқ», - деді ведомоство өкілі.

Бұған дейін жергілікті БАҚ куәгерлерге сілтеме жасай отырып, бортында екі адамы бар жеңіл ұшақтың Калинка ауылының маңында құлағанын хабарлаған.


Соңғы жаңалықтар