Гүлшара Әбдіқалықова мұғалім мәртебесі туралы заңның қашан қабылданатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уақыттарыңызды көп алмай, екі мәселеге тоқталғым келеді. Бірінші мәселе - ол Президент айтқан мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы заң. Осы заңды жақын уақытта, 1 қыркүйекке дейін Парламентке енгізуіміз керек. Сондықтан министрлікке 1-2 аптаның ішінде Парламентке енгізу туралы тапсырма беремін», - деді вице-премьер.

Оның атап өтуінше, «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты талқыланған.

«Сондықтан 1 қаңтарға дейін бұл заңды қабылдауға негізгі мүмкіндік бар деп ойлаймын. Екінші мәселе - ол барлық деңгейде білімнің дамуы мен ғылымның дамуы. Осыған байланысты біз 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауымыз керек. Бұл бағдарлама осы жылдың соңына дейін толық жоспары жасалып, қабылдануы тиіс», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар