Гүлнұр Оразымбетова халқына жаңа бейнебаян тарту етті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай жаңа бейнебаян тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкке өрле» атты əніне түсірілген туындыда  Қазақ елінің тəуелсіз ел атанған күнінен бастап, осы уақыт аралығындағы дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің жетістіктері мен жеңістері жайлы кадрлар қолданылған. Аталмыш əннің авторы Мане Акопян, сөзін Ринат Зайытов жазған.

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, әнші Гүлнұр Оразымбетова  «Жас қанат» республикалық байқауында «Қорқыт-қобыз» әнімен Бас жүлдені иемденген талантты әнші. Бүгінде «Арманым-ай», «Туған өлке», «Қорқыт»,  «Асыл жарым» сынды əндерін халық сүйіп тыңдайды. 

 

Соңғы жаңалықтар