+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс өтті

2019 жылғы 3 қыркүйек 13:24
Бөлісіңіз:
Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс өтті

ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы өткенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты. Кездесу сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақыты) 2 сағаттан астам уақытқа созылды», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы парақшасында.

Министрліктің хабарлауынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өз бетінше қытай тілінде түсініктеме берген.

«Үкімнің жарияланатын күні ашық», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT