Грузиядағы муниципалды сайлауда «Грузия арманы» партиясы көш бастап тұр

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – «Грузия арманы» билеуші партиясы муниципалды сайлауда 48,56% дауыспен көш бастап келеді. Бұл – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) сайлау учаскелерінің 38,63% сайлау бюллетендерін өңдеуден кейінгі мәліметтері, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» ақпарат порталына сілтеме жасап.

Елдегі ең ірі оппозициялық партия «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» 32,32% дауыс жинап отыр. Үшінші орында – 6,87% дауыс жинаған экс-премьер-министр Георгий Гахарияның «Грузия үшін» партиясы.

Муниципалды сайлаудың басты оқиғасы «Грузи арманы» билеуші партиясы сайлаушылардың 43% дауысын жинай алу-алмауында болып отыр. Бұл Шарль Мишель келісіміне сәйкес, елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізудің шарты. Билік партиясы сайлаудан үш ай бұрын келісімнен біржақты шыққанына қарамастан, оппозиция оларды референдум деп атауда.


Соңғы жаңалықтар