Грузияда жолаушылар толы көлік тік жардан құлап, бірнеше адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грузияның биік таулы аумағындағы Земо Алвани елді мекенінің тұрғындарын Омало ауылына апара жатқан жүк көлігі тік жардан құлап, кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлады сенбі күні IMEDI телекомпаниясы.

Телекомпанияның деректеріне қарағанда, жүк көлігі адамдарды ауылдық мерекеге апара жатқан. Қаға беріс сәтте жүргізуші рульге ие бола алмай, машина биіктігі 400 метрге жететін тік жардан құлаған. Жүк автомобилінде 12 адам болған, олардың бесеуі секіріп үлгерген.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Іздеу-құтқару операциясына Грузия ІІМ шекаралық полициясының тікұшағы тартылған. Ол ажалдан аман қалған бірнеше жолаушыны Телави қаласының (Кахети өлкесі) ауруханасына жеткізді.

Соңғы жаңалықтар