Грузияда опырылған үйдің астында әлі 8 адам қалып қоюы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грузияның Батуми қаласының мэрінің міндетін атқарушы Лела Сурманидзе 26 мамыр көшесіндегі қираған үйдің үйіндісі астында сегіз адам іздестіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат batumelebi.ge ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Сервис орталықтың менеджері мен серіктестік төрағасы осы үйде тұратын отбасылармен байланысты. 7-8 адам үйінді астында қалып қоюы мүмкін. Үйінде қалып қойған әйел бар. Тұрғындардың бір бөлігі балалар, олар мектепте болған шығар, тағы бір бөлігі жұмыста», - деді Лела Сурманидзе.

Бүгін, 8 қазанда Батумиде тұрғын үйдің кіреберісі опырылды. Мэрияның мәліметінше, 12 пәтер қираған. Оның неден опырылғаны әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар