Грузияда наразылық акциясы кезінде 37 адам ұсталды

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузия полициясы Тбилиси орталығында Грузия парламентінің ғимаратының алдында өткен наразылық акциясын тарату кезінде 37 адамды ұстады. Бұл туралы Бұл туралы ҚазАқпарат newsgeorgia.ge сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбі күні арнайы қызмет қызметкерлері парламентке кіретін барлық кіреберістерді қоршап алған бүлікшілерді таратты. Наразылық білдірушілерге көзі жасаурататын газ қолданылды. Қазіргі уақытта парламентке кіретін барлық есіктер ашық тұр, Шота Руставели даңғылындағы автомобиль қозғалысы қалпына келтірілді.

«18 қарашада, парламент ғимаратының алдындағы акция кезінде ІІМ «Құқық қорғау органдарының заң талаптарын орындамауы» және «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша барлығы 37 адамды ұстады», - делінген агенттік мәліметінде.

Министрлік наразылық акциясын тарату кезінде төрт адамның зардап шеккенін хабарлады. Оның екеуі – полицей. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Айта кетсек, оппозиция мен азаматтық белсенділер 14 қарашада мерзімі шектелмеген наразылықтардың басталғанын жариялады. Акцияның өршуіне Грузия парламентінің парламенттік сайлауды нөлдік сайлау шегі бар пропорционалды жүйе бойынша 2020 жылы өткізуді көздейтін конституциялық түзетулер бойынша дауыс беруді қолдамауы себеп болды.

Бастаманы қарау үшін 150 депутаттың 113 дауысы қажет еді. Дауыс беру барысында өзгерісті 101 депутат қана қолдады. «Грузия арманы» партиясының үш депутаты қарсы болса, 39-ы дауыс беруден бас тартты.

Соңғы жаңалықтар