Грузия үкіметі отставкаға кетті

None
None
ТБИЛИСИ. ТАСС-ҚазАқпарат – Грузия Үкіметі жаңа парламенттің жұмысқа кірісуіне байланысты отставкаға кетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне ел үкіметінің баспасөз қызметінен мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Бұдан былай премьер және оның барлық кабинеті өз міндетін уақытша атқарушы болып табылады», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Конституцияға сәйкес, Грузия парламентінде жаңа үкіметті жасақтауға екі апта уақыт бар. Егер бұл жасалмаса, ел президенті заң шығарушы органды тарқатып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын белгілейді.

Алдын ала мәлімет бойынша, билік басындағы «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясы министрлер кабинетін 2019 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келген Георгий Гахарияны премьер-министр лауазымына қайта ұсынбақ.

Еске салайық, Грузияда парламент сайлауы екі кезеңмен өтті – 31 қазанда және 21 қарашада. 3 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялап, оған сәйкес, билік басындағы «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясы 48,22 дауыспен жеңіске жетті. Солайша, 150 мандаттың 90-ына ие болды. «Грузин арманынан» бөлек, парламентке сондай-ақ Грузияның бұрынғы экс-президенті Михаил Саакашвили негізін қалаған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясы өтті (27,18 пайыз дауыс).

Сонымен қатар жоғары заң шығару органында келесі партиялар болады: «Еуропалық Грузия – еркіндік үшін қозғалыс» (3,79%), «Грузия партриоттары аляьянсы» (3,14%), «Грузияның лейбористік партиясы» (1%), «Алеко Элисашвили азаматтары» (1,33%), «Гирчи» (2,89%), «Лело Грузия үшін» (3,15%) және «Георгий Вашадзе – Агмашенебели стратегиясы блогы» (3,15%).


Соңғы жаңалықтар