Грузин сарапшысы этникааралық келісімді дұрыс менеджменттің құралы деп атады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан сияқты әралуандылыққа бай ұлт әлемде кем де кем, деп есептейді грузин сарапшысы Гела Веладзе. Ол өзінің пікірімен «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне берген сұхбатында бөлісті. 

Сарапшының айтуынша, бір де бір мемлекет, ешбір ұлт моноэтикалық емес, сонымен бірге әлемде ата-бабасы бір этнос жоқ.
«Мен «ұлт» деген түсінікті еуропалық мағынада қолданып отырмын, яғни - мемлекет-ұлт. Шығыс кілемдерінің қалай тоқылатынын көрген боларсыздар. Жаңа ұлт та солай құрылады. Жүз отыз этнос дегеніміз Қазақстан мемлекетінің кілеміндегі жүз отыз түрлі түс. Бұл кілем көзтартарлық екендігін айта кету керек», - деп салыстырды Г.Веладзе.

«Этникааралық келісім мен бейбітшілік бағдарламасы - Қазақстанның ішкі қоғамындағы интеграциялық процесті дұрыс басқарудың маңызды құралы», - деп атап өтті ол.

«Ақпараттық технологиялар дамыған заманда уақытылы шешім қабылдап, тәуекелдерге назар аудара білу елдің дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстанның бай тарихы, жаңа технологиялар мен халық даналығына негізделген бағдарлама дәл осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған», - деп түйіндеді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар