Грекияда жүк көлігінен 40 шақты мигрант табылды

None
None
АФИНА. ҚазАқпарат – Грекияның солтүстігінде полиция жоспарлы тексеріс кезінде мұздатқышы бар жүк көлікте 40 шақты мигрант жасырынғанын анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CNN-ге сілтеме жасап.

Полицияның мәлімдеуінше, жүк көлігінің мұздатқышы сөндірулі болған, ондағы ер адамдар да, балалар да дін аман.

Сонда да мигранттардың бірнешеуі дәрігерге жүгінген, қалғандары полиция учаскесіне аты-жөнін анықтауға жіберілген. Ал 40 жастағы жүргізуші қамауға алынды.

Соңғы кезде Грекия арқылы жүк көлігімен және басқа да көліктермен заңсыз мигрант тасымалдау белең ала бастаған. Соған байланысты полиция да тексерісті күшейтті.

Грекия бұқаралық ақпарат құралдары осы оқиға мен Лондон маңында жүк көлігінен 39 мигранттың денесі табылған оқиғаның арасында байланыс болуы мүмкіндігін меңзеп отыр. Еске сала кетейік, өткен айда Ұлыбританияның Эссекс графтығының Таррок қаласында жүк көлігінен 38 ересек, 1 жасөспірімнің денесі табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар