+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Грек-рим күресі: Бес салмақта ҚР чемпиондары анықталды

2020 жылғы 25 қараша 21:18
Бөлісіңіз:
Грек-рим күресі: Бес салмақта ҚР чемпиондары анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігінде грек-рим күресінен бес салмақта жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, алматылық Қорлан Жаханша ел біріншілігінде екінші орынды қанағат тұтты. Ол 55 келі салмақта ақтық сында жамбылдық Жансерік Сәрсенбиевке жол берді. Бұл салмақта үшінші орын елордалық Марлен Мұқашев пен Солтүстік Қазақстан облысынан келген Аманғали Бекболатовқа бұйырды.

Жамбылдық тағы бір балуан Сұлтан Әсетұлы 63 келіде алматылық Бағлан Жақаншадан айласын асырып кетті. Қола жүлдеге елордалық Асаухат Мұхамедиев пен Алматы облысының балуаны Ғалым Қабдунасаров қол жеткізді.

Ал 72 келіде атыраулық Қаһарман Қисметов чемпион атанса, алматылық Азат Садықов күміс жүлдегер болды. Үздік үштікті алматылық Темірлан Өмірбай мен қызылордалық Олжас Сүлеймен түйіндеді.

Қостанайлық Мирас Баршылықов 82 келіде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда шымкенттік Шамиль Батыровтың осал тұсын тапты. Қостанайлық Темірлан Байғаниин мен ақтөбелік Қуанышбек Досжанов қола жүлдеге қол созды.

Қарағандылық Ерұлан Ысқақов 97 келіде финалда қызылордалық Олжас Сырлыбайды жеңді. Үшінші орынға Шығыс Қазақстаннан келген Салауат Ахметқали мен жамбылдық Мейірбек Қордабай ие болды.

Естеріңізге сала кетелік, 21-23 қарашада еркін күрестен, 24 қарашада әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT