Гонконгта ашылған сауда-саттықта Alibaba акциялары 6,3% өсті

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Сейсенбіде, Гонконг қор биржасында сауданың бірінші күнінде, қытайлық Alibaba Group Holding Ltd интернет компаниясының бағалы қағаздарының құны 6,3%-ға өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Гонконг биржасында сауда-саттықтың ашылуында Alibaba компаниясының бір акциясы 176-дан 187 гонконг долларына ($23.89) дейін қымбаттады.

20 қарашадағы Гонконг қор биржасында бағалы қағаздар саудасы кезінде Alibaba 11 миллиард доллардан астам қаражат жинады. Бұл - Гонконгта соңғы тоғыз жылда ең көп жиналған қаражат.

Компания акциялары 9988 кодымен саудаға түсуде, Қытайда олар қарқынды түрде өсуде.

Alibaba сауда-саттық кезінде жиналған қаражатты онлайн режімінде тамақтану мен туристік қызметтерді дамыту үшін бағыттауға жоспарлап отыр. Бұдан бөлек бұл компания есептеу мен көлік жүргізуді оқытуға көп қаржы салуға да ынталы.

Alibaba Қытайдағы ең ірі электронды сауда платформаларына иелік етеді. Олардың ішінде ең танымалы – Taobao.

Авторы Руслан Сулейменов

Соңғы жаңалықтар