Гонконг полициясы құны $22 млн есірткі партиясын тәркіледі

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат – Гонконг полициясы осы жылдың ең ірі ескірткі партиясын тәркіледі. Есірткі 82 келі героинді қосқанда 178 келіні құрайды. Бұл туралы дүйсенбі күні The Standard жергілікті газеті хабарлады.

Ішінде метамфетамин мен кетамин болған есірткілік заттар қаланың құрлықтық бөлігінде қоймадан табылған. Олар жеміс шырындарының бірнеше жүздеген бөтелкелеріне бөлініп салынған. Қара нарықтың бағасы бойынша заңсыз тауардың жалпы құны $22 млн деп бағаланып отыр.

Осы іс бойынша екі күдікті ұсталды – олар Пәкістан мен Бангладеш тумалары. Тергеушілер бұл жүк Гонконг нарығына арналмаған деп болжап отыр. Ол Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы арқылы үшінші елге жеткізілмек болған. Тәртіп сақшылары оның жіберушісі мен қабылдап алушыларды анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар