Головкиннің жаттығу үстіндегі видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - GGG-дің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми тобы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) туралы видеоролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Gennady Golovkin: Training Motivation» атты видеода қазақстандық боксшының Биг Беар лагерінде (АҚШ, Калифорния штаты) түрлі машықтану жаттығуларын орындап жатқан сәттері көрсетілген.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар