Головкиннің ықтимал үш айқасы - 2017 жылы ең көп табыс әкелетіндер қатарында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Worldboxingnews.net британдық сайты 2017 жылдың ең табысты жекпе-жектерінің ондығын жасады, оған кіші Флойд Мейвезер енген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімге орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің қатысуымен болатын бірден үш жекпе-жек енді. Болжамды кездесулердің арасында Мэнни Пакьяо мен Сауль Альварестің жекпе-жегі ең табысты болатыны айтылуда. Екінші орында Геннадий мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы айқас аталып отыр.

«2017 жылдың орта салмақтағы басты жекпе-жегі Альварес пен Коттоның кездесуінен бергі миллиондаған сатылымға жақындаған pay-per-view оқиғасы (Мейвезер мен Пакьяосыз) болуы мүмкін», - деп айтылады мақалада.

GGG-дің Мэнни Пакьяомен кездесуі үшінші орынға орналастырылған.

Алтыншы позицияда - Головкиннің Андре Уордпен немесе Сергей Ковалевпен болатын айқасы тұр.

«GGG Давид Лемьемен болған жекпе-жекте титулды жеңіп алғаннан кейін, көпшілік оны жоғары салмаққа ауысатынын қалады. Бірақ, Канело әзірге орта санатта қобалжып тұрғандықтан Головкинге күте тұруға тура келеді», - делінген мақалада. 

Соңғы жаңалықтар