Головкиннің промоутері «Канеломен» үшінші айқас өтетін күнді айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен ынтымақтасып жатқан промоутер Эдди Хирн GGG-дің басты қарсыласы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий маусымда міндетті қарсыласымен айқасады. Сондай-ақ, «Канеломен» үшінші айқас та болуы керек. Бұл бокстағы маңызды жекпе-жектердің бірі. Головкин бұл жекпе-жектің өткенін қатты қалайды. DAZN мен «Канело» оны қуана өткізеді деп сенемін. Сондықтан, қыркүйекте «Канело» - GGG айқасын көреміз деп үміттенемін», - деді Хирн beIN SPORTS USA-ге берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар