Головкиннің P4P рейтингіндегі орны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

ТОП-10 үздігі болып WBA және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қалуда.

Рейтингінің алдыңғы нұсқасына қарағанда орта салмақта IBF/IBO белдіктерінің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9-орыннан 10-ға сырғыды. Оның орнына бірінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хуан Франсиско Эстрада орналасты.

BWAA мамыр айына ұсынған рейтингінің толық тізімі:

1. Сауль «Канело» Альварес

2. Теренс Кроуфорд

3. Наоя Иноуэ

4. Эррол Спенс-младший

5. Теофимо Лопес

6. Тайсон Фьюри

7. Александр Усик

8. Василий Ломаченко

9. Хуан Франсиско Эстрада

10. Геннадий Головкин



Соңғы жаңалықтар