Головкиннің келесі жекпе-жегі және «Канеломен» айқасатын күні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жектері өтетін күндер белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

GGG-дің тең промоутері Эдди Хирн DAZN-мен әңгімелесу кезінде боксшының Польша боксшысы Камил Шереметамен IBF титулын міндетті қорғау үшін келісімшартқа қол қойғанын айтты. Бұл кездесу қараша айында өтуі тиіс.

Бұдан кейін Головкин келесі жылдың мамыр айында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жұдырықтасу «Канелоның» сүйікті күндерінің бірі – Синко де Майо мерекесіне (5 мамырда атап өтіледі) орайластырылған.


Соңғы жаңалықтар