Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN Deportes мәліметі бойынша, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемптоны Генадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 20 қарашада өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

GGG қарсыласы – IBF желісі бойынша міндетті үміткер поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Қазақстандық көрермендер жекпе-жекті 21 қараша сенбі күні таңертең тамашалай алады.

Шараны ұйымдастырушылардың дереккөздері бойынша DAZN стриминг платформасы жылдың соңғы апталарында Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Энтони Джошуа, Мигель Берчельт, Оскар Вальдес, Тайсон Фури, сондай-ақ Майк Тайсонның Рой Джонспен болатын айқасы қамтылған тығыз кестені ескере отырып, жұма күндері бокс шоуларын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Головкин- Шереметаның жекпе- жегі 21 қараша (Қазақстан уақыты бойынша 22 қараша күні таңертең) болатын. Өтетін орны – Лос-Анджелес маңындағы Карсон.


Соңғы жаңалықтар