Головкиннің 4 салмақ санатындағы әлем чемпионымен айқасуы мүмкін бе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com сарапшысы Аллан Фокс төрт салмақ санатындағы бұрынғы әлем чемпионы Эдриен Бронердің қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткізуі мүмкін айқас туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бронер Инстаграмдағы парақшасында Головкинді және Сауль Альваресті 155 фунт санатында айқас өткізуге шақырған.

«Бронер өзінің Головкин мен «Канелоны» жекпе-жекке шақырғандағы түрін жанкүйерлер қалай қабылдайтынын білмейтін сияқты. Жұрт оның бұл тірлігін бокстан біржола кетер алдында қыруар ақша тапқысы келгеннің ісі деп қабылдайды. Головкин немесе Альвареспен жекпе-жек өткізсе ақшаға көмілетіні белгілі. Бірақ GGG де, «Канело» да Бронерге уақыт жұмсағысы келмейді. Өйткені қазір Бронердің бірде-бір салмақ санатында беделі жоқ», - дейді Фокс.

Соңғы жаңалықтар