Головкинді қазіргі күннің Майк Тайсоны деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Кевин Келли Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян жекпе-жегінің нәтижесі бойынша өз пікірін білдірді, деп жазады Sports.kz.

GGG мен Мартиросянның айқасы  5 мамырда өтті (Қазақстан үшін 6 мамыр күні таңертең) және екінші раундта Геннадийдің жеңісімен аяқталды.

«Бұл өте жақсы жекпе-жек болды. Головкин Лемьемен айқастан кейін нокаутпен жеңіп көрген жоқ. Сол бокс кеші жалпы бокс үшін тамаша болды, себебі адамдар сәтті нокаутты көрді. GGG - қазіргі күннің Майк Тайсоны. Ол рингке шыққан сәтте, қуанышқа бөленіп, керемет дүниені күтіп отырасың. Ванес жекпе-жектің бұрыс жоспарын таңдап алды деп есептемеймін. Басымдықты игеру үшін жылдамдық қажет. Ол жай ғана соққы алмасып жүріп, қапы қалды», - деп жауап берді Келли Behind the Gloves-қа берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар