Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Power 106 радиосына берген сұхбатында спорттық мансабын аяқтайтыны туралы әзірге ойланбағанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

- Жеңіліп көрмеген қалпы зейнеткерлікке шыққың келеді ме?

- Білмеймін, дәл қазір өз бабымдамын. Мен белсендімін, белсенді болып қалғым келеді. Үш-төрт немесе бес жыл бокстасатын шығармын. Кім білсін?! Әр жекпе-жектің өзіндік ерекшелігі бар, - деп жауап берді Головкин 106 радиосының The Cruz Show эфирінде.

Еске салайық, 5 мамыр күні Калифорниядағы StubHub Center аренасында GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекке шығады. 

Соңғы жаңалықтар