Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingscene.com сайты соңғы онжылдықтағы мықты 20 боксшы рейтингінің бірінші бөлігін ұсынды. Оған орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

GGG мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес, америкалық Флойд Мэйвезер және тағы бір америкалық Теренс Кроуфордтан кейінгі төртінші орынға жайғасты.

«Қазақстандық боксшы ала алмаған орта салмақтағы екі марапат бар: WBO белбеуі мен желілік чемпион тәжі. Головкиннің біріншісін жеңіп алуға ешқашан мүмкіндігі болған жоқ. Көпшілік әлі күнге дейін Сауль Альвареспен бірінші айқаста екінші титулды Головкин алуы керек еді деп есептейді. Головкинге сыншылар қаншама жұлдызды қарсылас ұсынса да, ол ТОП-10-дағы боксшылармен айқасқысы келді. Марвин Хаглер мен Бернард Хопкинс те дәл осылай жасаған еді.

Головкин мықты беделге ие бола отырып, 18 нокаутпен декаданы бастады. Ақырында ол жалғыз санаттағы төрт басты титулдың үшеуін біріктірген әлем чемпионы атанып, оны өзінің «үйі» деп атады», - делінген материалда.

Соңғы жаңалықтар