Головкин салмақ санатынан тыс үздік боксшылар рейтингінде рекорд орнатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) қазіргі боксшылар арасында The Ring журналының P4P рейтингінде ең ұзақ тұрақтаған спортшы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Үздік боксшылардың ондығына Головкин 249 апта бұрын кірген, ал қазір жетінші орында. Үздіктер қатарында жүргендердің тағы бірі - WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (35-0, 26 КО), оның осы тізімге қосылғанына 238 апта болыпты.

Мықтылар тізімінің үшінші өкілі - жеңіл салмақ санатында WBC, WBA (Super) және WBO чемпионы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО). Тізімге 180 апта бұрын кірген украиналық боксшы, қазір екінші орында тұр.

P4P рейтингінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) көш бастап тұр. Орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super), екінші орта салмақта WBA (Regular) және жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы тізімінде тұрғанына енді ғана 61 апта болды, өйткені 2018 жылғы допинг дауынан кейін тізімнен шығып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар