Головкин мен Шеремета допинг сынамасын тапсырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен оның қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) 18 желтоқсандағы жекпе-жек алдында Ерікті допингке қарсы агенттігінің (VADA) бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар айқасқа дейін және одан кейін тыйым салынатын заттарды қолдануға тексеруден өтеді.

«VADA Testing 18 желтоқсанда өтетін жекпе-жек алдында Геннадий Головкин мен Камил Шереметаны біздің бағдарламаға шақырады», -делінген ұйымның хабарламасында.

Еске сала кетейік, Головкин-Шеремета жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 19 желтоқсан таңертең АҚШ-тың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтеді.


Соңғы жаңалықтар