Головкин мен Джейкобс айқасқа бір апта қалғанда салмақтарын өлшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында өзінің қамқорлығындағы спортшының, сондай-ақ оның қарсыласы - америкалық Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) салмағын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sports.kz сайтының жазуынша, жекпе-жекке бір жеті қалғанда Головкиннің салмағы 162 фунтты (73,5 келі), америкалықтың салмағы 167,8 фунтты (76,1 келі) құрайды. Еске салайық, айқасқа 30 күн қалғанға дейін GGG - 165,1 фунт, Джейкобс 174,8 фунт болатын.

Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Ал 17 наурызда, жергілікті уақыт бойынша 09:00-де (Астана бойынша 20:00-де) боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен қайта өтеді .

Аталған жекпе-жекті қазақстандықтар 19 наурыз күні тікелей эфирден көре алады. 

Соңғы жаңалықтар