Головкин қазіргі заманғы үздік боксшылар үштігіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям Геннадий Головкинді қазіргі заманға үздік боксшылар үштігіне енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Джошуа, «Канело» және Головкин — бокстың үш жарқын жұлдызы», - деп есептейді Уильям.

Геннадий Головкин келесі айқасын поляк Камил Шереметамен өткізеді.

Ол жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері анықталады.

Бұдан бұрын The Ring журналы салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшылар рейтингін жаңартқан болатын. Головкин әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енген еді.

Соңғы жаңалықтар