Головкин «Канелоны» боксты құрметтемейді деп айыптады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар тұжырымдар бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Power 106 радиосына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альварестің допинг-тестен өтпей қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

- Сен «Канеломен» рематч өткізуің керек еді, бірақ оның кесірінен айқас болмай қалды. Бұл боксқа деген құрметсіздік деп есептейсің бе?

- Иә, мен солай ойлаймын. Себебі, бұл бокс үшін маңызды жекпе-жек, адамдарға үлкен сыйлық, бизнес үшін ірі көлемдегі ақша болған. Мен мұны құрметсіздік деп есептеймін. Ол - әлемдік деңгейдегі чемпион, ол боксқа алғаш рет келіп тұрған жоқ. Ол кәсіпқой боксшы. Мен бұл жағдайды түсінбеймін.

5 мамырда Головкин Альварестің орнына америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады. 

Фото: sportsvibez.com

Соңғы жаңалықтар