Головкин - «Канело» жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде екінші орынға ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Mymmanews.com сайты онжылдықтың ең үздік бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады. Оған Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альвареспен өткізген екінші айқасы енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

«2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған. Бұл олардың қарымта жекпе-жегі болатын. Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен. Екі боксшы да соңғы раундқа дейін бір-біріне ауыр соққы берумен болды. Альварес төрешілердің бірауыз дауысымен Головкиннен басым түсті», делінген БАҚ-та.

Журналдың нұсқасы бойынша онжылдықтың ең үздік 7 айқасы:

1. Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015)
2. Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018)
3. Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012)
4. Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013)
5. Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010)
6. Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016)
7. Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)



Соңғы жаңалықтар