Головкин - «Канело» жекпе-жегі 2020 жылғы жұрт күткен айқастар бестігіне кірмей қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingscene.com сайтының авторы Стивен Эдвардс биылғы жылғы жұрт ынтыға күткен жекпе-жектер жайлы өзінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Сарапшының пікірінше, ТОП-5-тікке: Деонтей Уайлдер — Тайсон Фьюри (2), Василий Ломаченко — Теофимо Лопес, Джулиан Уильямс — Джермелл Чарло, Джермалл Чарло — Деметриус Андраде және Джош Тейлор — Хосе Рамирес айқастары кірген.

Бір қызығы, бұл тізімде алдағы қыркүйекте болуы тиіс Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне орын да болмаған.

Еске сала кетсек, Головкин мен «Канело» алғаш рет 2017 жылы қыркүйекте кездескен болатын. Талас-тартысқа арқау болған айқас тең аяқталған еді. Бірақ бір жыл өткен соң төрешілердің басым даусымен жеңіс мексикалыққа берілді.


Соңғы жаңалықтар