Головкин - «Канело» үшінші айқасы биыл өте ме - Промоутер жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британиялық промоутер Эдди Хирн DAZN стримингтік сервисімен бірге АҚШ-та бокс кештерін қайта өткізу мәселесін талқылап жатыр. Ол көрермен назарына танымал боксшылардың қатысуымен жақсы жекпе-жектер ұсынуға үміт артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Хирннің пікірінше, коронавирус пандемиясына байланысты үзілістен кейін көрермендерге қызықты бокстар ұсыну керек.

Олар алғашқы бокс кешін тамыздың ортасында өткізуді жоспарлап отыр. Оған жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Реджис Прогрейс пен Морис Хукер қатысады. Хирн қыркүйекте бірінші жеңіл салмақта Хуан Франсиско Эстрада мен Роман Гонсалес бірлескен айқасын өткізсе, одан кейін бірқатар қызықты жекпе-жектер ұйымдастырмақшы. Олардың қатарында:

- жеңіл салмақтағы WBC чемпионы Девин Хэйни мен Люк Кэмпбелл айқасы;

- орта салмақтағы WBO чемпионы Деметриус Андраде мен екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс айқасы;

- екінші орта салмақтағы WBA чемпионы Каллум Смит пен Дэниэл Джейкобс айқасы;

- Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші айқасы бар.

«Бізде DAZN-мен үш дардай боксшы бар: Энтони Джошуа, Канело Альварес пен Геннадий Головкин. Бұл - бокстағы үш маңызды есім, сондықтан жекпе-жек уақыт кестесін осы үш есімге негіздеп жасау керек. Сондықтан, біз Прогрейс — Хукер, Эстрада — Гонсалес пен Хейни — Кэмпбелл және Андраде — Сондерс, Каллум Смит - Дэнни Джейкобс, „Канело« Альварес - Геннадий Головкин айқастарын өткізе алсақ, демек осы жылдың соңына дейін жақсы жекпе-жек ұйымдастырдық деген сөз. Мен көрерменге әдеттегідей емес, жақсы айқастармен оралғым келеді», - деді Хирн S.I. Boxing Podcast берген сұхбатында.



Соңғы жаңалықтар