Головкин «Канело» үшін екі әлем чемпионымен жекпе-жектен бас тартуға дайын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxing.pl журналисі Конрад Будынек қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) алдағы жоспарларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшының пайымдауынша, 38 жастағы қазақстандық боксшының басқа қолжетімді нұсқаларының бар болғанына қарамастан, басты мақсаты Сауль «Канело» Альвапреспен (54-1-2, 36 КО) үшінші рет жекпе-жек өткізу болып отыр.

«Промоутерлер Головкинге әуелі Муратамен, сосын Андрадемен жұдырықтасуға рұқсат беретін еді, бірақ олар соңғы сәтке дейін оның «Канеломен» трилогиясына үмітті», - деген сенімде Будынек.

Бұған дейін Головкиннің промоутері Эдди Хирн оның Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің желтоқсан айында өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Деметриус Андрадеге (29-0, 18 КО) келетін болсақ, әзірге GGG командасы бұл жекпе-жекке аса үлкен қызығушылық танытпай отыр.


Соңғы жаңалықтар