Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің билеттері сатылатын күн белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA «тұрақты» чемпионы белбеуінің иегері, сол салмақтағы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) айқасына билеттердің сатылымға шығатын күні жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

18 наурыз сенбі күні кешке өтетін боксқа билеттер сатылымы 24 желтоқсан күні басталады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның ең төменгі бағасы 100 долларды құрайды. Ал қымбат билет құны 1 000 долларға жетеді. Билеттерді Madison Square Garden кассаларында, сондай-ақ Ticketmaster.com сайтында сатып алуға болады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы тікелей көрсетілім (PPV) арқылы көрермендердің назарына ұсынады. Көрермен тікелей көрсетілім үшін 54,95 доллар төлеуі қажет.

Айта кетейік, Madison Square Garden 17-18 мың адамға арналған. Бокс болған уақытта аренаға 20 мыңға дейін адам сыяды. 

Соңғы жаңалықтар