Головкин допингтен «таза» боксшылар қатарына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC  WADA-мен бірлесіп «Таза бокс» бағдарламасы аясында боксшылардың 2017 жылдың бірінші жартысында тыйым салынған заттарды пайдаланғандығына байланысты жүргізген тексерудің нәтижесін жариялады.

Тексеруге 72 боксшы тартылды. Олардың көбі бұл бақылаудан бірнеше рет өткен.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және оның мексикалық қарсыласы Сауль Альварес допинг- сынамада тыйым салынған заттар табылмаған спортшылар қатарына енді. Сондай-ақ, «таза» боксшылардың арасында GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс та бар, деп хабарлайды Sports.kz. 

Соңғы жаңалықтар